Астанада көпір жөндеуге жабылады
Тұрғындар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мәліметінше, Сығанақ көшесі – Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көпірде жаяу жүргіншілер плиталарын бөлшектеу бойынша жұмыстары жүргізіледі.
26 қыркүйекте сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйекте сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін аталған қиылыс толығымен жабылады, – делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.