Қашаған күрделі жөндеуге жабылады
Газ жетпеген жағдайда өнім көрші елдерден жеткізіледі
Биыл 3 қазаннан бастап Қашаған кен орны күрделі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осыған байланысты кен орнындағы мұнай және газ дайындау кешені жұмысын 38 күнге тоқтатады. Күрделі жөндеу мерзімі Қазақстанның газ баланысын ескере отырып айқындалды.
Күрделі жөндеу кезеңінде ішкі нарыққа газ жетпесе, ол көрші елдерден импортталады, деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде QazaqGaz ұлттық компаниясы Қытайға жылдық көлемде газды жеткізген.