ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы өкімге қол қойды

Фото: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне Руслан Сарқұловты тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалғаны хабарланған еді.