Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы алматылықтарға ескерту жасады
Тек ресми ақпаратқа сенуге кеңес берілді
Алматыда «Қорғау-2024» оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, 26 қыркүйекте Жетісу ауданындағы «ЖЭО-1» аумағында «Қорғау-2024» аумақтық қорғаныс бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді.
Жаттығу кезінде дыбыстық эффект, жарқыл, түтін және тағы басқа имитациялық жабдық қолданылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, – делінген хабарламада.