×

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді

фото: nur.kz

2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды. 

Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да бір күн – 6 шілде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған.

Шілдедегі демалас күндері:

бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар;

алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама