×

Астанада 143 млн теңге заңсыз табыс тапқан майнерлер анықталды

Олар жарыққа 25 млн теңге төлемеген

 Дәурен Ерболат 25.09.2024 | 10:20
Фото: Halyq Uni

Елордада 143 млн теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан майнерлерді анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеп жатыр.

Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылғы мамырға дейін майнинг фермасының қызметін ұйымдастырған. Ондағы ай сайынғы электр қуатын тұтынуы көрсеткіші қаладағы бір тұрғын үй алабының қажеттілігімен парапар болған. Ферма қозғалтқыштарды өңдеу орталығына жасырылған. Осылайша, майнерлер аталған уақытын аралығында 143 млн теңге заңсыз пайда тапқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді. Бұдан басқа, олардың электр энергиясына 25,3 млн теңге төлемегені анықталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Айта кетейік, биыл цифрлық активтердің заңсыз айналымы бойынша сот 7 үкім шығарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама