Оқиға былтыр күзде болған
Ұлттық ұлан сарбазын пойызда соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желіде Ұлттық ұлан сарбазын біреулердің ұрып жатқаны бейнеленген жазба тараған. ІІМ ақпаратына сәйкес, оқиға 2023 жылдың күзінде қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін үйге қайтып бара жатқан запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілердің арасында болған.
Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі («Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды, – делінген хабарламада.
Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.