Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда 14,3 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жүр

Биыл 21,5 мың квота бөлінді

 Динара Амантай 25.09.2024 | 10:34
Қазақстанда 14,3 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жүр
Фото: Halyq Uni

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілетін санаттар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін – 577 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін – 2 591 рұқсат (екінші санат);
  • мамандар (үшінші санат) – 5 190;
  • білікті жұмысшылар ( төртінші санат) – 636 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 924 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 428 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 812 жұмыс беруші бар. Оларда 391,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 905 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам, – делінген министрлік хабарламасында.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың орынға белгіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама