Атырауда пәтер өртеніп, бір адам мерт болды

Дәурен Ерболат

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр

Скрин видео

Атырауда тұрғын үй өртеніп, 70 жастағы әже көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, қаладағы Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің бірінше қабатындағы пәтер өртенген. Өрттің ауданы – 74 шаршы метр.

Облыстық ТЖД қызметкерлері 13 адам, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Сондай-ақ тұрғын үйден 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. 1994 жылы туған жігіт күйік алған. Ол ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың болжамынша, пәтерді біреу қасанақа өртеген.