Түркістан облысында білім саласына қатысты өтініштер қалай қаралады?

Халық үні
Фото: Түркістан облысының білім басқармасы

Түркістан облысының Білім басқармасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Басқарманың мәліметінше, ведомство Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында ақпараттың ашықтығы мен халыққа және БАҚ өкілдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Өңір тұрғындарының білім саласына қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектерін тыңдайтын басқармада арнайы білім беруді дамыту орталығына қарасты Call centre бар. Сенім телефонындары басқарманың әлеуметтік желілеріне жариялап отырады. Тұрғындар өз өтінішін жазбаша да, ауызша да қалдыра алады. Сол негізде ары қарай жауапты мамандардан тиісті жауап алынып, кері байланыс орнатылады.

Түркістан облысы білім басқармасына «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2024 жылдың басынан қазіргі кезеңге дейін 1513 өтініш түскен. Тұрғындар тарапынан келген өтініштердің басым бөлігі оқу процессі, кадр, балабақша, мәселелері бойынша түскен. Сондай-ақ, шағымдардан бөлек 100-ден астам ұсыныс-тілектер тіркелді. Олардың барлығына тиісті еңгейде жауап берілді, - дейді Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова.

Айта кетейік,   Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бүгінде онда оқиытн оқушылар саны 518 959, педагогтер саны 65 762. Облыста 1424 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Олардың 265 мемлекеттік болса, 1110 жекеменшік. Бұл балабақшаларда 13 701  педагог жұмыс істеп жүр. Осы білім беру ұйымдарына қатысты қандай сауалдар мен шағымдар туындаған жағдайда өңір тұрғындары тиісті мекемелерден нақты жауап ала алады. Білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшалар да ашықтық позициясында жүргізіледі. Күн сайын 10-ға жуық білім саласына қатысты түрлі жаңалықтар мен атқарылған жұмыстар оқырман назарына ұсынылады.

Оқырман тарапынан кей жазбалардың астында пікірлерін қалдырады. Ол пікірлерде қандай да бір мәселе көтерілсе, басқарма тарапынан міндетті түрде жауап беріледі. Нақты факттарға сүйене отырып, ары қарай жауапты тұлғалар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіледі. Облыс тұрғындары немесе қонақтары басқармаға өз уәждерін басшылыққа немесе, жауапты маманға айту үшін келіп жатады. Бұл жағдайда басқарманың кеңсе қызметкерлері тұрғындардың арыз-шағымын жазбаша алып қалып, ресми түрде тіркейді. Ары қарай ресми жауап 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл туралы арызданушыға да ескертіледі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде басқарма басшысы, орынбасардар апта сайын, тіпті кезек күттірмейтін мәселелер болғанда күніге тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдайды. Бірден басшылық тарапынан бақылауға алынып, өз деңгейінде жұмыс жүргізіледі. Ашықтық позициясын қолдайтын мемлекетттік мекеме ретінде де басқарманың баспасөз қызметіне де күн сайын түрлі ұсыныстар мен білімге қатысты әртүрлі ақпаратпен қамтамасыз етулерін сұрайды. Бұл жағдайда бірден кері байланыс орнатылып, мүмкіндігінше сол күні кері байланыс орнатылады. Осылайша Түркістан облысы білім басқармасы тұрғындар тарапынан түскен кез-келген форматтағы арыз-шағым, өтініш-тілектерді назардан тыс қалдырмайды», - деді Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы.

Тұрғындардан түсетін шағымның көбі мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз етуге байланысты. Бүгінде бұл өзекті мәселе болып тұр. 2024-2025 оқу жылында Түркістан облысында оқулықтарды сатып алу бойынша 15 баспамен 17 келісімшарт түзілген. Тасымал бойынша жарияланған конкурс нәтижесінде «Turkistan city» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін оқулықтар  түгел тасымалданып бітеді.

Сонымен қатар өңір тұрғындарынан балалардың жазғы демалысына қатысты да бірқатар өтініш, тілектер түскен. Осы орайда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 35 434 бала бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылған.

Биыл облыс бойынша 30 балаларды жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетті. 998 мектеп жанындағы тамақпен және тамақсыз лагерлерде 320 641 бала демалды. 20 мыңнан аса бала ата-аналардың,  3421 бала «Қазақстан халқы қоры» есебінен ақылы демалады», - деп толықтырды ол басқарма басшысының орынбасары.

Бұған қоса, Айгүл Қасымбекованың айтуынша, облыста ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында  2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шеберлік арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, ал тағы 5 ауданда «Мобильді мұғалім» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, былтыр Жапон еліне барып, тәжірибе жинақтап келген өңір ұстаздары мен әдіскерлері «Lesson study» әдісін сатылап енгізуді және «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасын жалғастырады. Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық және Ясауи атындағы ХҚТУ мен меморандум түзілген.

Жалпылама емес, нақты мақсатты жұмыс жүргізу бүгінгі мобилді қоғамның басты талабы. Осыны ескере, жыл сайын оқу жылының соңында білім деңгейі ең төмен 100 мектепті электронды журнал арқылы анықтап, тек сол 100 білім беру ұйымына арналған мақсатты жұмыс жоспары әзірленеді. Тиісті қаржысын қаралып, әдістемелік және менеджментік көмек ұйымдастырылады. Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта өңірдің білім сапасына оң нәтижеге береді деп сенеміз. Оқушыларға кәсіби бағдарлау бағытында «Bolashaq» халықаралық бағдарламалар орталығы мен жоғарғы оқу орындарымен меморандум түзіліп, жүйелі кеңес беру менторлық жұмысы жолға қойылып отыр. Облыстың білім сапасын көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылдады», - деді Қасымбекова.

Сонымен қатар, ол «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың жол картасы әзірленгенін атап өтті. Енді Түркістан облысының білім жүйесін дамыту 3 бағытта жүргізілетін болады. Олар: «Балабақша – жайлылық пен даму аумағы»,  «Әр мектеп – ең жақсы мектеп», «ТжКБб (колледж) – жұмысшы кадрлардыдаярлаудың негізгі буыны». Сондай-ақ,  балабақша педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуын тереңдете түсу мақсатында өңірде 6 жетекші орталық пен 26 консультациялық пункт құрылып, өзге балабақшаларға тәжірибесін бөлісуде. Мәселен, биыл балабақшадағы 800 педагог, 2025 жылы 1000 педагог біліктілік курстарынан өтеді. Сонымен қатар, балабақша жүйесін сатылай цифрлы жүйеге өткізіп, сапа мен баланың келіп-кетуінің электронды қадағалау ендіріледі.

Тұрғындардан түсетін өтініш пен шағымның дені балалардың қауіпсіздігіне байланысты болып отыр. Бүгінде өңірдегі мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған. Мемлекеттік 938 (оның ішінде: 909-мектеп; 25-колледж; 4-балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі) білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары. 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзетқызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым қоршауы жаңартылып, мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылған.

Пернебай Сапаров