Telegram қауіпсіздікті күшейтті
Павел Дуров әлеуметтік желіде қандай өзгерістер болып жатқанын баяндады
Telegram басшысы Павел Дуров желіде заң бұзғандардың деректері тиісті органдарға берілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның мәліметінше, Telegram-дағы іздеу жүйесі басқа хат алмасуға арналған қосымшаларға қарағанда күштірек. Себебі ол пайдаланушыларға көпшілікке арналған каналдар мен боттарды табуға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, бұл ерекшелік Қызмет көрсету шарттарын заңсыз тауарларды сату арқылы бұзған адамдар тарапынан зиян шекті.
Өткен бірнеше аптада жасанды интеллектіні пайдаланатын арнайы модераторлар тобы Telegram-дағы іздеу жүйесін біршама қауіпсіздендірді. Біз іздеу жүйесінде табылған барлық проблемалық контентті жойдық. Егер сіз Telegram-дағы іздеу жүйесінде әлі де қандай да бір қауіпті немесе заңсыз зат тапсаңыз, бұны @SearchReport арқылы бізге хабарлаңыз, – деп қосты ол.
«Қылмыскерлерді Telegram-дағы іздеу жүйесін өз мақсаттары үшін пайдаланудан одан бетер аластату үшін біз Қызмет көрсету шарттарымыз бен Құпиялық саясатымызды жаңарттық. Бұл ережелердің бүкіл әлем талаптарына сай болуын да қамтамасыз етеді. Біз ережелерімізді бұзған адамдардың IP-мекенжайлары мен телефон нөмірлері заңды сауал жолдаған тиісті органдарға берілуі мүмкін екен ашық айта аламыз. Бұл шаралар қылмыскерлерді қорқытуға тиіс.
Telegram-дағы іздеу жүйесі заңсыз тауарларды насихаттауға емес, достар табуға және жаңалықтар ашуға арналған. Біз қаскүнемдерге миллиардқа жуық пайдаланушысы бар платформамыздың бүтіндігіне қауіп төндіруге жол бермейміз», – деп түйіндеді Дуров.
Павел Дуров Қазақстанға сапарынан кейін жазба жариялады. «Есірткі саудасына сыбайлас»: Павел Дуров Францияда ұсталды. Министр Жаслан Мәдиев Францияда ұсталған Павел Дуровқа қолдау білдірді. Франция президенті Макрон Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.