Halyq Uni логотип
×

Биыл өндіріс орындарында 120-ға жуық жұмысшы қаза тапқан

Оқыс оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды

 Дәурен Ерболат 24.09.2024 | 17:50
Биыл өндіріс орындарында 120-ға жуық жұмысшы қаза тапқан
Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 8 айда Қазақстандағы өндіріс орындарында шамамен 120 жұмыс көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов онлайн режимде ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті (МЕИК) және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ олардың аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді. Министрдің орынбасары өндірісте жарақаттануды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

МЕИК төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Мұратбеков еліміздегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі қалай сақталып жатқанын баяндады. Оның айтуынша, биыл 8 айда кәсіпорындарда 892 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға көп. Оның ішінде 117 адам қаза тапқан. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық.

Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (106 адам зардап шекті), Абай (78 адам), Қостанай (76 адам), Шығыс Қазақстан (66 адам), Павлодар (55 адам) облыстарында және Алматы қаласында (61) сақталып отыр, - деді Мұрат Мұратбеков.

Бірқатар өңірде өндірістік жарақаттанудың айтарлықтай өсуі байқалады:

  • Қостанай облысы – өсім 29% (59-дан 76 адамға дейін);
  • Алматыда – 128% (14-тен 32 адамға дейін);
  • Маңғыстауда – 50% (30-дан 45 адамға дейін);
  • Батыс Қазақстан облысында – 45%-ға (31-ден 45 адамға дейін);
  • Ақмола облысында – 29% (31-ден 40 адамға дейін).

Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кәсіпорындарында (19%) және құрылыста (11%).

Жазатайым оқиғалардың себебі әртүрлі. Оны комиссия анықтайды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталатын негізгі заңбұзушылықтар төмендегідей;

  • Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпеу – 235 дерек;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу – 43 дерек;
  • Жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды жүргізбеу – 35 дерек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама