×

Омикрон штамы балаларға оңай тиіп жатқан жоқ – инфекционист

Дәрігер-инфекционист ата-аналарға барынша сақ болуға шақырды

 Халық үні 12.01.2022 | 11:45
Динагүл Баешева, фото: time.kz

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-инфекционист Динагүл Баешева коронавирустың «омикрон» штамы ересектерге де, балаларға да бірдей әсер ететінін айтып, айтарлықтай қиындық туғызып отырғанын жеткізді.

Омикрон штамының таралу жылдамдығы «дельта» штамынан бірнеше есе жоғары. Кез келген жастағы адамға, оның ішінде балаларға да оңай тиіп жатқан жоқ. Шетелдік дәрігерлердің мәліметінше, «омикрон» балаларда да ауыр өтіп жатыр, оны біз де өз көзімізбен көріп отырмыз. Коронавирустың қандай штамы болмасын иммунокомпрометирленген адамдарда, қосымша ауруы бар науқастарда, сол сияқты онкологиялық аурулармен, иммун тапшылығы жағдайларымен және өзге де ілеспе аурулармен ауыратын науқастарда ерекше ауыр өтеді, - деп түсіндірді сарапшы.

Динагүл Баешева кішкентай балалары бар ата-аналарға ескерту жасап, барынша сақтық шараларын жасауға шақырды.

Өкінішке қарай, біз кішкентай баласы бар ата-аналардың сауда орталықтарында алаңсыз серуендеп жүргенін жиі көреміз. Қазіргідей жағдайда мұндай орындарда демалу орынсыз. Егер балаңыздың денсаулығын ойласаңыз барынша түсіністікпен қарап, оқшауланған орындарда демалғаныңыз жөн. Біз еліміздегі барлық стационарлар бойынша талдау жүргізіп, 2021 және 2020 жылдары коронавирустық инфекциямен ауырғандардың санын салыстырдық. Нәтижесінде 2021 жылы КВИ-мен ауыратындар саны 5 есе, ал ауыр науқастар саны 20 есе өскенін көрдік, - деді инфекционист.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама