Астанада есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды
Қылмыстық іс қозғалды
Елордада полиция есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сақтады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.
Полиция күдікті отырған KIA көлігін тоқтатқан. Оның салонын тексеру барысында ішінен есірткі заты салынған 35 полиэтилен түйіншек табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат мефедрон екені анықталды. Ер адам есірткіні сатып алып, құпия орындарға жасырмақ болған. Кейін оларды сатуды жоспарлаған. Күдікті істеген әрекетін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция есірткі қылмысына қатысты қандай да бір деректер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.