×

Су тасқынын болжайтын жүйені әзірлеп жатырмыз – министр

Жылдың соңында жүйе сынақтан өтеді

 Дәурен Ерболат 24.09.2024 | 16:18
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда тасқынды болжайтын жүйе әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде министрлік «Су тасқынын болжау және модельдеу» ақпарат жүйесін әзірлеп жатыр, - деді министр Үкімет отырысында.

Ақпараттық жүйе 4 кезеңнен тұрады:

  • 1. Деректерді жинау;
  • 2. GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялау;
  • 3. Болжам;
  • 4 Модельдеу.

Модельдеу нәтижесі болжамды су деңгейінің көтерілу белгісін, су басу аймағының шекараларын және су басу тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, биыл 1 желтоқсанда жүйе тестілік режимде іске қосылады деп жоспарланып отыр, - деді Жаслан Мәдиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама