Тоқаев Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады
Кәсіпкер отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, Геннадий Геннадьевич Зенченко – СҚО Қызылжар ауданында орналасқан «Зенченко и компания» КС директоры. 1964 жылы 24 қыркүйекте туған.
Білімі: жоғары, Қарағанды политехникалық институты.
Мамандығы: инженер-механик.
Марапаттары: «Парасат» , «Құрмет» ордендері, медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Маслихатам Республики Казахстан 20 лет», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, облыс әкімінің Құрмет грамоталары.