Halyq Uni логотип
×

Карьерден кездейсоқ табылған ғұн жауынгерінің ат әбзелі көпшілікке ұсынылды

Ол Көшпенділер ойындары қонақтары үшін Ақтөбе облысынан әкелінген

 Ербол Тұрымбет 11.09.2024 | 12:47
Карьерден кездейсоқ табылған ғұн жауынгерінің ат әбзелі көпшілікке ұсынылды
Фото: Halyq Uni

Көшпенділер ойындары қонақтары үшін ұсынылған өңірлер көрмесінде Ақтөбе облысы тарихи жәдігерлерін көрсетті. Оның ішінде ғұн кезеңіндегі жауынгердің ат әбзелі ерекше орын алады. Ат әбзелдері қару-жарағымен қоса түгелдей алтын жапсырмалармен безендірілген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Сол құнды тарихи дүниенің түпнұсқасы ғылыми реконструкцияланып, көпшілік тамашасына қойылып отыр.

Бір қызығы, түпнұсқасы 2018 жылы карьерден кездейсоқ табылған. Оны жұмысшылар тауып алып, кейін оған зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, Сармат көсемі немесе табылған орнына байланысты «Тасқопа көсемі» деп айтылатын Қазақстан бойынша сегізінші «Алтын адам» Темір ауданы, Тасқопа елдімекенінен 2019 жылы табылған.  Оның үлгісі де Ақтөбе облысының күйіз үйіне қойылған.

Сондай-ақ, киіз үй іші басқұр, текемет, алаша, тұскиіз және қазақтың бес қаруы, мес, теріден ағаштан жасалған түрлі ыдыс-аяқ сынды этнографиялық жәдігерлермен безендірілген.

Туристер көбіне этнографияға қызығады. Киіз үйге кіргенде әр заттың реті бар. Мысалы, төрдің оң жағында ер адамның, сол жағында әйел адамның заттары тұрады. Одан бөлек, дәстүрімізге қатысты, тымақ, ішік сынды киімдерге қызығушылық танытады, дейді Ақтөбе облысы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Бахтияр Нұрпейісов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама