Кәсіпкерлерді заңсыз тексерген шенеуніктер жауапқа тартылды

Динара Амантай

Прокуратура 270 кәсіпкердің құқығын қорғады

Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер органдарының қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Петропавл қаласы мен Есіл, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандарының мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды қызметкерлері Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына қарамастан кәсіпкерелрге салықтық тексерулер жүргізген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазір айыппұлдар толық төленді. Салықтық тексерулер заңсыз деп танылды және жойылды.

Айта кетсек, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдарының қадағалау шараларымен барлығы 270 кәсіпкердің құқығы қорғалды.