Тасқыннан кейін 200-ден аса жол учаскесі қалпына келтірілді

Динара Амантай

Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген

Фото: "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

Көктемгі су тасқынынан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кеткен. Қазір оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.

Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, мұнда 414 учаскеде бүліну тіркелді. Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233–де жұмыс толығымен аяқталды, – деді министр.

Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.