Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр
Испанияның Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ІІМ ақпаратына сәйкес, 2016 жылы ер адам қылмыстық топтың құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы көлемі 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
Қазір ұсталған адам қамауға алынды. Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.