Өрт сөндірушілер қалған 27 автобус пен бокс конструкцияларын жалыннан аман сақтап қалды
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түн ортасында «101» пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қою түтінге қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста 5 автобустың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермей, қалалық 27 автобус пен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.
Өрт алдын ала 220 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған ақпарат бойынша, бокста 5 автобус жанған, – делінген хабарламада.