×

Зейнет жасындағы Даниал Ахметовтің қанша жыл облыс басқаратыны белгілі болды

Даниал Ахметов қазір 67 жаста

фото: sputnik.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желбідай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», - деп жазды ол.

Айта кетсек, экономика ғылымдарының докторы, академик Даниал Ахметов Павлодар облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі болды. 2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама