Ақтөбеде полицейді көлігімен сүйреген жүргізуші ұсталды
Күдікті күйеуімен бірге ізін суытпақ болған
Ақтөбеде полиция қызметкерін көлігімен сүйреген әйел ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық ПД мәліметінше, кеше қалада полицей Lexus-ты тоқтатқан. Онда 29 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталады. Ол сараптама орталығына жеткізіледі. Онда жігіттің мас болғаны нақтыланды.
Сараптамадан 29 жастағы жігіт қашып шығып, әйелімен бірге оқиға орнынан қашып кетпек болады. Сол уақытта көліктің капотына полицей жармасады. Жүргізуші оны бірнеше метрге сүйреген. Полиция қызметкері зардап шекпеді. Бүгін ерлі-зайыпты ұсталды, - деп жазылған хабарламада.