Ол 2023-2024 жылдары Туризм және спорт министрлігін басқарды
Ермек Маржықпаев премьер-министр Олжас Бектеновтің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабаралды.
Ермек Маржықпаев 2023-2024 жылдары Туризм және спорт министрі болды. Париж Олимпиадасынан кейін қызметінен босатылды.
Оның алдында 2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болған.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны да ауысты. 2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны болды.