Ақтауда бұрынғы MMA спортшысы өлі табылды

Дәурен Ерболат

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: lada.kz

Ақтауда бұрынғы MMA спортшысы Вусал Джафаров қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, экс-спортшының денесі 20 қыркүйекте табылған. Бұл дерек негізінде полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын тексеру барысында шприц пен ер адамның шұлығынан ұнтақты тапты. Сараптама тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін марқұм ұрлық және бопсалау бойынша істі болған.