ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 50 млн теңге жалақы төлемеген
Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да прокурорлар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, Риддерде «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне 50 млн теңгеден астам жалақы берешегі анықталған.
Сондай-ақ, Марқакөлде «Теректі» МКМ коммуналдық кәсіпорындарының бірінде 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмаған, ал қарыз көлемі 5,4 млн теңге болды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған өңірлердегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді. Жұмысшылардың құқығы қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.