Мемлекет басшысы ҰҚК орынбасарларын тағайындады
Бақытбек Қосжанов қызметінен босатылды
Дәурен Ерболат
23.09.2024 | 16:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Марат Қабиденұлы Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды;
- Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
- Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.