Баламен сенімді байланыс орнату өте маңызды
Биыл 23-27 қыркүйекте Қазақстандағы барлық мектепте ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жиналыста балалардың қауіпсіздігі сөз болады. Онда мамандар ата-аналарға баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың маңызын түсіндіреді.
Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова бала қауіпсіздігінің бәрінен де маңызды деген пікірде.
Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, онымен әрқашан сенімді байланыс құру. Бала – біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты, - деді төраға.