Полиция олардың телефонын тексерген
Ішкі істер министрлігі Алматыда көз жұмған екі оқушының өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алматыда өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге тоқталайық. Олардың телефондарына тексеру жүргізілді, суицид ойынына қатысу фактісі анықталмады. Қазір өшірілген хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері министрлік 22 мыңға жуық заңсыз жұмыс істеген шетелдік интернет-ресурсты анықтап, оларды бұғаттау үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жіберген.
Еске салайық, биыл 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылған. Полиция қылмыстық іс қозғаған еді.