×

Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырғандарға 7 млн теңге төленді

Бүгінде 90 адам полицияға қару өткізді

 Динара Амантай 23.09.2024 | 14:09
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға шамамен 7 миллион теңге төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде қару-жарақты қолдану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр. Бүгінде 90 адам полиция органдарына 105 дана тіркелмеген қару, оның ішінде 94 тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.

Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар ішкі істер органдарына заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған 69 адамға 7 миллион теңге төленді, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама