Halyq Uni логотип
×

Ақтауда заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

 Динара Амантай 23.09.2024 | 13:34
Ақтауда заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Ақтауда заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны 646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48-бабының талаптарын сақтамағанын анықтады.

Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама