Ақмола облысында гидротехникалық нысанның 38%-ы тозған

Дәурен Ерболат

Жергілікті билікке нақты міндет жүктелді

Фото: kstnews.kz

Ақмола облысының прокуроры Руфат Кұттықов өңірде гидротехникалық нысанның 38%-ы тозғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Unі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, су тасқыны қаупін болдырмау үшін кезекті үйлестіру кеңесі өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Руфат Кұттықов өңірдегі 90 гидротехникалық құрылыстың 34-і немесе 38%-ы апаттық жағдайда екенін атап өтті. Ол бекітілген кешенді жоспарға сәйкес көктемгі су тасқынына дайын болу маңызды екенін атап өтті.

Жоспарға сәйкес анықталған гидротехникалық құрылыстарды тексеру, жөндеу және тиісті жағдайларда ұстау түріндегі шаралар міндетті түрде мерзімінде және сапалы орындалуға тиіс, - деді Ақмола облысының прокуроры.

Жиынның қорытындысы бойынша ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті органдарға бірқатар нақты міндет қойылды.