Қарттарға көмек көрсетіледі

Дәурен Ерболат

Жеңімпаздар жылдың соңында анықталады

Фото: pixabay.com

Елімізде Қарттар күніне арналған «Мейірімділік апталығы» өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс-шара 23 қыркүйек пен 1 қазан аралығына жоспарланған. Онда еріктілер көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Сондай-ақ биыл 9 шілдеден бастап Қазақстанда қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін қалыптастыру үшін «Игі істер марафоны» басталды.

Сонымен қатар www.qazvolunteer.kz сайты арқылы жасалған игі істердің санын көруге болады.

Бүгінде 2 мыңнан аса игі іс жасалды. Республика бойынша өткізілген іс-шараларға шамамен 24 мың адам қатысты. Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Жылдың соңында 10 номинация бойынша («Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ауыл» және тағы басқа) жеңімпаздар пен белсенді ақпарат таратқан БАҚ өкілдері марапаратталады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, «Игі істер марафонына» қатысу үшін толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады.