Павлодарда әкімдік 8 млрд теңгеге трамвай сатып алмақ
Қыркүйектің соңына дейін жеткізуші анықталуы керек
Павлоларда әкімдік 8 млрд теңгеге трамвай сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Облыс орталығындағы 111 трамвайдың 81-і әбден тозған. Тозу көрсеткіші – 73%
Трамвай толық жұмыс істеуі үшін 70 вагон керек. Паркті жаңарту үшін бірінші кезеңінде Еуропалық қайта құру және даму банкінен (ЕҚҚДБ) 8 млрд теңге қарыз алып, энергия үнемдейтін 25 трамвай сатып алу жоспарланып отыр, - деп жазылған облыстық әкімдік таратқан хабарламада.
2024 жылғы тамызда ЕҚҚДБ сатып алу қағидалары мен қағидаттарына сәйкес трамвайларды сатып алуға тендер жарияланды. Банк қыркүйектің соңына дейін жеткізушіні анықтауы керек.
Облыс әкімі Асан Байханов барлық конкурстық рәсімді мерзімінде аяқтауды және 10 желтоқсанға дейін трамвайды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды.