Астана әкімдігі жылыту маусымы қашан басталатынын хабарлады
Әлеуметтік нысандар жылумен жабдықтау жүйесіне қосыла бастады
Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әкімдіктің мәліметінше, жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.
Әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады, – делінген хабарламада.
Бүгінде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан, оның ішінде мектептер, балабақшалар, емханалар және тағы басқасы қосылып бастады.