Бұл мүдделер қақтығысының болмауына жол ашады
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов отырыста мемлекеттік аудит жүйесіндегі реформалар топтамасын іске асыру мәселесін қарады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Негізгі өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлік тексеру комиссияларын таратып, Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін құру болмақ. Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді. Себебі, бүгінде тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады, ал бұл жүргізілетін аудиттердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін, - деп жазылған аудиторлық палата таратқан хабарламада.
Мұнда жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызды рөлі сақталып қалады.
Жалпы Жоғары аудиторлық палатаның өңірлік департаменттерін «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша құру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл оның тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Реформалар топтамасын іске асыру барлық институционалдық және ұйымдастырушылық мәселелерді жан-жақты пысықтауды талапетеді, - деді Әлихан Смайылов.