×

Үйде өрт шыққанда не істеу керек?

Төтенше жағдай кезінде үрейге бой алдырмаңыз

 Дәурен Ерболат 23.09.2024 | 10:17
Фото: Halyq Uni

ТЖМ мамандарды өрт шыққанда қалай әрекет ету керегін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

  • Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
  • Өрттің бастапқы кезеңінде барлық өрт сөндіру құралын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және тағы басқа) пайдаланып, оны сөндіруге тырысыңыз;
  • Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есікті жабыңыз;
  • Үйден қауіпсіз жолмен шығуды ұмытпаңыз;
  • Егер үйді түтін болса, бөлменің төменгі бөлігінде ауа салыстырмалы түрде таза болатынын ескеріңіз. Сондықтан еденге жақын болуға тырысыңыз;
  • Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
  • Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама