Үйде өрт шыққанда не істеу керек?
Төтенше жағдай кезінде үрейге бой алдырмаңыз
Дәурен Ерболат
23.09.2024 | 10:17
ТЖМ мамандарды өрт шыққанда қалай әрекет ету керегін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
- Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
- Өрттің бастапқы кезеңінде барлық өрт сөндіру құралын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және тағы басқа) пайдаланып, оны сөндіруге тырысыңыз;
- Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есікті жабыңыз;
- Үйден қауіпсіз жолмен шығуды ұмытпаңыз;
- Егер үйді түтін болса, бөлменің төменгі бөлігінде ауа салыстырмалы түрде таза болатынын ескеріңіз. Сондықтан еденге жақын болуға тырысыңыз;
- Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
- Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.