Жасөспіріммен қатынасқа түскен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазір ер адам тергеу изоляторына қамалды
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте күдікті Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасар қызмбен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін ол тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылғы сәуірде күдікті Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.
Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні елге экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ер адам тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.