×

Абай облысының әкімі болып Нұрлан Ұранхаев тағайындалды

Жаңадан құрылған Абай облысын кім басқаратыны да белгілі болды

 Халық үні 11.06.2022 | 17:39
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Сонымен ел шығысындағы облыстың басшысы болып Нұрлан Ұранхаев тағайындалды.

“Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын”,

— делінген Президент Жарлығында.

Облыстық мәслихаттың депутаттарына Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер — Нұрлан Ұранхаев пен Асхат Смаилов таныстырылды. Осыдан кейін ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдаса, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген.

Нұрлан Ұранхаев Семейде 1965 жылы 4 мамырда туған. Үш жоғары білімі бар. Кезінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының бас сәулетшісі болып қызмет атқарды.

Ал Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Даниал Ахметов өз қызметінде тағы 1 жылға қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама