Абай облысының әкімі болып Нұрлан Ұранхаев тағайындалды
Жаңадан құрылған Абай облысын кім басқаратыны да белгілі болды
Сонымен ел шығысындағы облыстың басшысы болып Нұрлан Ұранхаев тағайындалды.
“Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын”,
— делінген Президент Жарлығында.
Облыстық мәслихаттың депутаттарына Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер — Нұрлан Ұранхаев пен Асхат Смаилов таныстырылды. Осыдан кейін ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдаса, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген.
Нұрлан Ұранхаев Семейде 1965 жылы 4 мамырда туған. Үш жоғары білімі бар. Кезінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының бас сәулетшісі болып қызмет атқарды.
Ал Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Даниал Ахметов өз қызметінде тағы 1 жылға қалды.