Halyq Uni логотип
×

23 қыркүйекте үш өңірде -2 градус үсік жүреді

Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады

 Халық үні 22.09.2024 | 20:15
23 қыркүйекте үш өңірде -2 градус үсік жүреді
фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК 23 қыркүйекте бірнеше қалада ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте түнде және 24 қыркүйектің таңында Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысынның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкент қаласында да төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама