Алматыда ҰҚК академиясының курсанты биіктен құлап, қаза тапты
Тағы бір жас жігіттің өлімі тіркелді
ҰҚК Шекара академиясы курсантының қайтыс болуы туралы ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-ші курс курсантының мәйіті табылды.
Өліміне биіктен құлау себеп болған, – деп қосты ведомство.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлар анықталып жатыр.