Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында мас адам фельдшерлер мен полицейлерге қол көтерген

Оған дейін бір әйелдің басына әйнек сұғып алған

 Халық үні 22.09.2024 | 07:46
Маңғыстау облысында мас адам фельдшерлер мен полицейлерге қол көтерген
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының тұрғыны жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Алдын ала келтірілген дерекке сәйкес, ол бір әйелге қол жұмсап, зардап шегуші сырттан көмек сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқыс оқиға 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болғанын мәлім етті.

Билік өкіліне қатысты қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мас болып, заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде полицейлерге қарсылық танытқан, – делінген хабарламада.

Lada.kz-тің хабарлауынша, жедел жәрдем қызметкерлері досы басына әйнек сұғып алғанын айтып, қоңырау шалған 40 жастағы әйелдің жағдайы бойынша шақырту орнына аттанған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, фельдшерлерге де тап берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама