Halyq Uni логотип
×

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы жаңазеландиялықтарды 10:0 есебімен жеңді

Енді плей-офф сатысындағы қарсыласы Е тобында ертең өтетін Португалия және Марокко кездесуінің жеңімпазы болады

 Халық үні 21.09.2024 | 23:30
Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы жаңазеландиялықтарды 10:0 есебімен жеңді
фото: kff.kz

Футзалдан әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni inform.kz-ке сілтеме жасап.

 

Алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша, D тобында Қазақстан мен Испания құрамалары 4 ұпай жинады. 

Қазақстандық футзалшылар алғашқы турда Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1 есебімен жеңді. Сондықтан екі құрама үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңуі қажет еді.

Ел құрамасы Жаңа Зеландиямен ойында қарсылас қақпасына гол соқты. Олардың қатарынан Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 10:0 есебімен басым түсіп, өз тобында 2-орын алды. Бірінші орынға бүгін Ливияны 8:0 есебімен жеңген Испания жайғасты.

Енді Қазақстан құрамасының плей-офф сатысындағы қарсыласы Е тобында ертең өтетін Португалия және Марокко кездесуінің жеңімпазы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама