Белгілі ғалым өмірден өтті

Қымбат Елтайқызы

Суыт хабар жетті

фото: Бағдат Сұлтанқызының FB парағы

Тілші-ғалым, алаштанушы, публицист Ғарифолла Әнес қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Бағдат Сұлтанқызы Facebook желісіндегі жазбасында естіртті.

Орны толмас қаза, қазақ жұрты! Сене алар емеспін. Өкінішті! Ғалым, алаштанушы, публицист, баспагер, қазақ ұлтының Арысы Ғарифолла Әнес өмірден озды. Отбасына, жақын туыстарына, қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз. Ғалымның жаны жәннаттың Фирдаус төрінде шалқысын. Ғарифолла Әнес ағаның жақсылығы ғасырлар бойы қазақ халқының тарихында жасайды. Ағаның әлі ұлты үшін атқаратын ұшан-теңіз жоспары бар еді. Әттең. Қайран, ағам-ау!, – деп жазды Бағдат Сұлтанқызы.

ҒАРИФОЛЛА ҚАБДОЛҚАЙЫРҰЛЫ

1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған.

ҰҒА-ның А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.

Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін тұрақты қосты. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов және Х.Досмұхамбетұлы еңбектерін құрастырып, алғысөз-соңғысөздерін жазып, бірнеше рет жарыққа шығарды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальмен ма­ра­патталған.