Halyq Uni логотип
×

Жетісай қаласында жемқорлық тәуекелдер картасына енген 500 орындық мектеп пайдалануға берілді

Антикор еріктілермен бірлесіп, ұзақ мерзімді әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауда ұстайды

 Халық үні 20.09.2024 | 18:45
Жетісай қаласында жемқорлық тәуекелдер картасына енген 500 орындық мектеп пайдалануға берілді
фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген Жетісай қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы 500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда мектепте 300 бала білім алуда.

Бюджет қаржысына салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы 2 жылға жуық уақытқа тұрақтап, мердігер мекеменің салғырттығынан 500-ден аса оқушы ұзақ уақыт өзге мектептің ғимаратында білім алуға мәжбүр болды. 

Антикор еріктілермен бірлесіп, ұзақ мерзімді әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауда ұстайтын болады. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама