Halyq Uni логотип
×

Алматы облысының жаңа әкімі Сұлтанғазиевтің ағасы қызметінен кетті

Марат Сұлтанғазиев қызметіне кіріскен бетте Еңбекшіқазақ ауданындағы ағасы орнын босатты

 Халық үні 11.06.2022 | 15:19
Алматы облысының жаңа әкімі Сұлтанғазиевтің ағасы қызметінен кетті
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін Президенттің жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Осыған байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазив өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі растады.

"Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен босатылды", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 

Марат Сұлтанғазиев бір жас үлкен ағасы биыл Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына әкім болған. Төрт айға жетер-жетпес уақыттың ішінде әкімдіктен кетіп отыр.

Елімізде "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңның 14-бабында жақын туыстарға тікелей бағынышты қызмет атқаруға тыйым салынғаны жазылған. Сондықтан Сұлтанғазиевтердің кішісі ағасын бірден қызметтен босатты. Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысына тікелей бағынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама