×

Қазақстанда 2,5 мыңға жуық мектепте білім беру сапасы тексеріледі

Аудит оқу процесінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған

 Динара Амантай 20.09.2024 | 17:58
Фото: Halyq Uni

2,5 мыңға жуық қазақстандық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады. Жаңа оқу жылының басында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 422 білім беру ұйымында бақылау-бағалау іс-шараларын жүргізген болатын. Іс-шаралар оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтауға, оқу процесінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталды.

Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2624 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді. Оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеу фактілері анықталды, – деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Атап өтсек, мониторинг және бағалау қызметі білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама