×

Қорғаныс министрлігі ата-аналарды әскердегі балаларына ақша бермеуге шақырды

Армияда барлық жағдай жасалған

 Дәурен Ерболат 20.09.2024 | 16:45
Фото: ОКҚ

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ата-аналарды әскердегі балаларына ақша бермеуге шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол әскерде ақша сұрау дерегі болатынын жоққа шығармады.

Мерзімді әскери қызметшілер ата-анасынан 3-2 мың теңге сұрайтын жағдайлары болады. Алайда оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп ойлау дұрыс емес. Мысалы, бір офицер әскериден 3 мың теңге алған. Қазір сол әрекеті үшін офицер тергеу изоляторында отыр. Тергеу біткен соң Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Министрдің орынбасары жас сарбаздар ата-анасынан неге ақша сұрайтынын айтты.

Жалпы әскерлердің ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрауына тоқталайын. 18-19 жастағы жігіт дүкеннен заттарды сатып алғысы келеді. Олар әскери бөлімнің жанындағы дүкендерден заттарды сатып ала алады. Міне, осыдан ата-ана біреу баламның ақшасын сұрап жатыр деген ой туындайды, - деді ол.

Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі сарбаздарға ақша бермеуге керек деген пікірде.

Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да, бәрі бар. Егер ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды өз жалақысына алады. Егер ақша сұрау тағы көбейіп жатса, бәріңізде сол әскери бөлімнің командирлерінің, әскери полицияның телефон нөмірлері бар. Бірден сол жерге хабар беріңіздер», - деді қорғаныс министрінің өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама